Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атышулы "Қалаулымның" шеф редакторы Шахкерім Кәрменов шоудың қаншалықты шындық екенін айтты

AstanaTV
27.06.2023ж. 15:02
1944
Атышулы "Қалаулымның" шеф редакторы Шахкерім Кәрменов шоудың қаншалықты шындық екенін айтты

Атышулы "Қалаулым" жобасының шеф редакторы және  "Bir bolayiq" шоуының жүргізушісі Шахкерім Кәрменов шоу қаншалықты сценарий, қаншалықты шындықтан тұратынын айтты. Ол бұл жайлы Асхат Садырбайдың "Paradox" жобасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шахкерім Кәрменов реалити шоуда сценарий құру мүмкін емес екенін айтып, түсіндіріп берді.

"Біз, әрине, күнделікті бір жоспар құрамыз. Ол қандай жоспар? Қазір Асхат шығады және пәленшемен таныстығы жайлы айтып беруі керек, өйткені олар кеше кездесуге барды. Ерлан шығады, содан кейін Нұрлан шығады, содан Айгүл, содан соң Кәмила шығады. Сосын бағдарлама бітеді. Әрқайсысы 40 минуттан сөйледі дегенде, 4 сағат уақытты қамтимыз. Асхат киноға барған кезде қыздың ақшасын төлемепті: әрқайсысы өзі үшін төлепті. Бірақ жобада, мысалы, тағы Ақнұр деген қатысушы бар: ол нақты осы материалдық мәселе бойынша ажырасып кеткен және ер азамат ақша таппаса, ол үшін бұл табиғи триггер. Әрине, мен білемін, егер мен Нұрланнан неге сен қызға ақша төлемедің десем, қазір Ақнұр оған қарсы шығатынын. Бұл сценарий ма? Мысалы, мен Ақнұрға ештеңе айтқан жоқпын, бірақ Ақнұрмен алдын ала кастингте сөйлесіп, былай танып жүріп, оның негізгі триггерін білемін: оған қыз үшін ақша төлемей жүретін жігіттер үлкен триггер. Ал Нұрланға неге сен қызға ақша төлемедің десең, ол "неге мен төлеуім керек, мен тек әйеліме төйлеймін, қыз ол бүгін бар, ертең жоқ" деген кезде Ақнұрдың бірдеңе айтатынын 100% білемін. Ал Ақнұр бірдеңе айтқан кезде мен де басқа қатысушы бар: ол да тура сондай жағдаймен ажырасқан, бірақ, керісінше, "сенің ақшаң жоқ" деп оның әйелі айтып кеткен. Сол кезде 100% ол да оянады. Бірақ мен екеуімен де сөйлескен жоқпын. Мен оны тек қана білемін.  Менің ойымша, бұл сценарий емес. Бұл реалити.
Бұл жерде сценарий құру мүмкін емес. Өйткені сен адамның эмоциясымен ойнайсың және адам эмоция кезінде не айтып, қалай бұрып жіберетінін жоспарлау, болжау мүмкін емес", - деді ол.