Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

AstanaTV
27.06.2023ж. 18:00
754
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтарға арналған үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 маусым мен 6 шілдеде Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары Құрбан Айт пен Астана күні мерекелеріне байланысты жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың қызметкерлері 7 және 8 шілдеде азаматтарды сағат 13:00-ге дейін қабылдайды", - делінген хабарламада. 

Ал 1 шілдеде еліміздің мамандандырылған ХҚКО-лары және Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып есептеледі. Осы күні ХККО-лар 18:00-ге дейін, МХКО-лар 20:30-ға дейін жұмыс істейді.