Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Мені түсінесің бе, жаңа өмір": марқұм болған Владимир Седовтың желіде соңғы рет не жазғаны анықталды

AstanaTV
27.06.2023ж. 19:23
568
"Мені түсінесің бе, жаңа өмір": марқұм болған Владимир Седовтың желіде соңғы рет не жазғаны анықталды

Бүгін 35 жастағы зілтемірші Владимир Седовтың қайтыс болғаны расталды. Спортшы өмірінің соңына қарай желіде сториз қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Владимир Седов әлеуметтік желіні белсенді жүргізбеген. Десе де, ол өмірінің соңғы кездерінде Instagram-ға түрлі фотолар бөлісіп отырды. Мәселен, ол балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шараға қатысқан. Сондай-ақ Түркістанға саяхат жасап, Қожа-Ахмет Яссауи кесенсінің қасында суретке түскен. Ауыр атлет өзінің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен кездерін желіге жариялаған.

Сонымен қатар 2009 жылы Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем чемпионатындағы сәттерін бөліскен. Сол жылы Седов әлем чемпионы атанған болатын.

Ал соңғы сторизінде ол 18 жастағы NЮ есімді музыканттың әнінен үзінді келтірген.

"Мен өзгердім, мені танымай қаласыз. Қан бұрқылдамайды, бұл тек су. Жаңа өмір сен мені түсінесің бе", - деп жазды Седов.

Алайда IWF спортшыны 8 жылға спорттан шеттетті. Седовтың допинг сынамасынан станазалол табылған еді.