Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мұхтар Әуезов жасатқан домбыра!

AstanaTV
15.10.2016ж. 20:00
3224
Мұхтар Әуезов жасатқан домбыра!

Мұхтардан жеткен мұра. Әйгілі Әуезовтің досына сыйлаған домбырасы қазір ІІМ Қостанайдағы академиясының мұражайында тұр. Ұлыдан қалған ұлттық аспап оқу ордасына қалай жетті?

Мирлан  Қызылов,  ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы қостанай  академиясының бастығы:

1946 жылы Мұхтар Әуезов Семей қаласындағы  Балтақай досының үйіне келген кезде жаңағы Монтай ақсақалды бірге алып кетуге ниет білдірген екен. Сөйтіп Монтай ақсақал Алматы қаласындағы мектептердің біріне барып Мұхтар Әуезовтің қолында тұрады. Ұлы Мұхтар Әуезов жаңағы  досына домбыра жасатып берген екен.Сөйтіп тапсырма беріп осы домбыраны Семей қаласына жіберген . Одан кейін осы домбыра Монтай ақсақалдың  үйінде тұрады. Бала кезінде  осы домбырамен көркем өнерпаздар үйірмесіне  қатысып, домбырада ойнап, оны Мұхтар  Әуезов көрген екен. Сол домбырада сен үйренген екенсің, ойнайды екнсің деп жақсы ақылдарын айтып кеткен. Содан бұл домбыра  сол үйде қала береді.  67 жылы ма әлде 69 жылдары ма  Жәнібек Кәрменов пен  Жүсіпбек Елебеков  Семей қаласындағы жаңағы Мұхтардың досы Балтақайдың үйіне тоқтайды. Сонда жаңағы қабырғада ілулі  тұрған домбыраны алып Жәнібек Кәрменовке тартқызады. Жәнібек Кәрменов репертуарындағы бірнеше әнді  орындап  ақсақалдың көңілінен шығады. Сонда ақсақал  мына киелі домбыраның шанағында ұлылардың табы  қалған. Енді Елебековпен еріп келген екенсің болашақта үлкен әнші, домбырашы болатының көрініп тұр. Осы ұлылар  исі қалған домбыраны  өзіңе сыйға  берейін деп домбыраны сыйға тартып жіберген.

 Жәнібек Кәрменов өзіне ерекше жанашырлық танытып, өнердегі жолын ашқан қамқоршы ағасы генерал Қабылбаевқа деген шексіз алғысын білдіру ниетімен киелі домбырасын берген. Ал академия Қабылбаевтың атында. Генералдың немересі Ғалым Исабаев домбыраны академияға сыйға тартқан.

 Мирлан  Қызылов,  ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы қостанай  академиясының бастығы:

Сол кездегі Қазақ ССР ішкі істер министрі болған генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың  өнерге  деген, мәдениетке  деген  қаншалықты  ыстық жүрегінің лаулап тұрғанын сезуге болады. Егерде сол кісі Жәнібек  Кәрменовтің жолын ашпаса, ол атақты әнші болар ма деген сұрақтар туындайды. Сөйтіп жаңағы сөз басында айтылған әңгімеге  байланысты Дінмұхаммед Қонаев  сұраған екен. Шырақбектен. Бұл баланың  қандай жағдайы бар деп. Иә, 1 бөлмелі үйі бар. Анасы, іні-қарындастары  бар екендігін айтады. Сонда неге жағдайын жақсылап жасамайсыңдар депті. Шырақбек Қабылбаев айтқан екен генерел Калютаның баласына қойылған 3 бөлмелі үй бар.Сонда Дінмұхаммед  Қонаев былай деп айтқан екен. Генерал баласына үй алып бере алады. Ал қойшының баласына  ешкім үй күнде бере бермейді. Мен рұқсат еттім депті. Сөйтіп , Жәнібек Кәрменов 3 бөлмелі  үйге ие болып кеткен. Жәнібек Кәрменов қуанышқа  кенеліп, шексіз қуанып бұл домбыраны алады да Шырақбек Қабылбаевқа сыйға тартқан екен.Міне бұл домбыраның негізгі тарихы осылай.

Манар Қабай, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы қостанай  академиясының  студенті:

Қазақтың қара домбырасын біз қатты қадірлейміз. Себебі, ол біріншіден қазақтың қасиетті өнері. Екіншіден  ұлттық рухымызды, нақышымызды, мәртебемізді көтеретін аспап.  Дәл осы Шырақбек Қабылбаевтың  домбырасы осы білім ордасының мұражайында  тұрғаны біз үшін үлкен мәртебе болып табылады.