Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Атырауда жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің саусағы жұлынып қалған

27.06.2023ж. 20:00
1422
Атырауда жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің саусағы жұлынып қалған

Атырауда жекеменшік балабақшада бүлдіршіннің саусағы жұлынып қалған. Баласының денсаулығына алаңдаған ата-анасы екі күннен бері балабақшаны жағалап, істің анық-қанығына жете алмай жүр. Оқиға кеше «Нартайлақ» балабақшасында таңертеңгі серуен кезінде болған. Бөбектің шылдыр шүмек саусағының алғашқы буыны түсіп қалған. Әткеншекте ойнап отырған 4 жасар Әсияға нақты не болғанын ешкім айта алмай отыр. Алдымен көмекке өзге топтың тәрбиешісі ұмтылған. Дәрігерлер жалғауға келмейді деген соң, саусақтың бөлігін көміп тастадым ,- дейді әкесі. Олар балабақша басшылығы жауапкершілікті мойнына алмаса, сотқа беретінін айтты.

Ержан ТӘЖЕНОВ, БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Тәрбиешісі үлкен кісі құрттай былай қарай алаңдап қалдым,- дейді. Сол уақытта болған жағдай дейді. Қалай, не болғанын жағдай болған жерді кеше қарадым. Қандай зат болу мүмкін баланың саусағын жұлып алатындай. Сүйегімен, етімен бірге. Тырнағы деп айтып жатыр дейді жан-жақтан тырнағы емес, саусағының басы жоқ, тырнағымен бірге сүйек, етімен бірге. Өзім қолыма ұстадым ғой.

Балабақша қызметкерлері оқиға орнына барған тілшілерге есік ашпай қойды. "Жекеменшік балабақшамыз, ішке кіргізбейміз",- деп, директордың демалысқа кеткенін сылтауратып, бейнебақылау камерасын көрсетуден де бас тартты. Облыстық білім басқармасының араласуымен ғана, екі ауыз сұқбат беріп, есікті тарс бекітіп алды. Әкесінің айтуынша, қызметкерлер әткеншекті жинап тастаған. 120 бала тәрбиелейтін бақша 2015 жылдан бері мемлекеттен субсидия алады екен. Айта кетейік, қазір оқиға бойынша, қылмыстық кодекстің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мінеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша тергеу басталды.

Жанаргүл СҰЛТАНҒАЛИЕВА, «НАРТАЙЛАҚ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

Әткеншекте қауіпсіздік сақталған. Жыл сайын біздер санэпидтен өтіп жүрген. Темір ештеңе жоқ. Қазір көрсете алмаймын, ішке кіргізе алмаймын. Директор емеспін.