Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық үстінде

AstanaTV
28.06.2023ж. 21:43
1046
Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық үстінде

Илон Масктің спарринг-серіктесінің бірі Марк Цукербергпен ықтимал жекпе-жекке дайындық барысынан фотосуреттер жариялады. ҚазАқпарат бұл туралы Fox News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Кеше Илон Маскпен бірнеше сағат импровизацияланған жаттығу өткіздім», - деп жазды Массачусетс технология институтының ғалымы Лекс Фридман Twitter-де.

Фридман жаттығу барысынан екі фотосуретпен бөлісті. Кадрлардың бірінде Илон Маск қарсыласының қолын қайырып жатқанын көруге болады. Екіншісінде Маск оны жамбасынан асыра лақтырып жатыр.

«Оның күші, қуаты мен шеберлігіне тәнтімін», - деп жазған Фридман: «Илон мен Марк жекпе-жек өнерімен айналысатыны расымен де шабыттандырады. Дегенмен, екеуі тордың ішінде төбелеспей, жекпе-жек өнерімен айналысса, әлем жақсырақ бола түсер еді», - деп қосты.

Жарияланған фотосуреттерге пікір қалдырған И. Маск: «Бұл көңілді болды!», - деп жазды.

Қос миллиардердің октагонда жекпе-жек өткізуіне қатысты идея 20 маусымда туындаған болатын.

И. Маск пен Meta-ның өзге қолданушылары платформа жайын және Цукербергтің Twitter-ге ұқсас бәсекелес платформа әзірлеп жатқанын талқылауға жиналған еді. Бір мезетте И.Маск Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің иесі – Meta-ның бас директоры Марк Цукербергпен бақталастықты октагонда шешуді ұсынды.

Кейіннен М. Цукерберг бұл ұсынысты қабылдады.

UFC президенті Дана Уайттың сөзінше, қос миллиардер ықтималды жекпе-жекке шынайы кірісіп жатыр. Айтуынша, танымал екі тұлғаның айқасы «әлем тарихындағы ең үлкен жекпе-жек» болуы мүмкін.

«Бұл ақылы көрсетілімдер бойынша барлық рекордтарды орнататын болады. Жігіттер қайырымдылыққа жүздеген миллион доллар жинай алады. Бұл жекпе-жекке көз тігу үшін фанат болудың қажеті жоқ. Барлығы оны көргісі келеді», - деді ол.

Twitter, SpaceX және Tesla иегері Илон Маск ұдайы жаттықпайтынын айтты, алайда «бұрын дзюдо, киокушинкай және ережесіз жекпе-жекпен айналысқанын» жеткізді.

Ал Марк Цукерберг болса, бір жылдан астам бразилиялық джиу-джитсумен, өзін-өзі қорғау жауынгерлік өнерімен айналысып келеді, тіпті әуесқой турнирде жеңіске жеткен.

И. Маск айқасты Лас-Вегаста, UFC октагонында өткізуді ұсынды. Алайда кездесудің датасы әлі жарияланған жоқ.