Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Маусым айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

AstanaTV
28.06.2023ж. 23:14
955
Маусым айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 29-30 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ екпінді жел соғуы мүмкін.

1 шілде күні елдің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік пен Қазақстанның орталығында күн ашық болады деп болжануда.

Одан бөлек, мамандар солтүстікте ауа температурасы +25...+30 градусқа дейін, орталықта +30...+35 градусқа дейін, оңтүстікте +33...+38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28...+33 градусқа дейін, шығыста +17...+25 градусқа дейін, батыста +25...+30 градусқа дейін, оңтүстік-батыста +33...+38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты.