Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Astana командасы әлемнің басты веложарысы – Тур де Франсқа қатысады

AstanaTV
29.06.2023ж. 08:50
744
Astana командасы әлемнің басты веложарысы – Тур де Франсқа қатысады

Astana Qazaqstan Team велокомандасы әлемдегі ең басты жарыс - «Тур де Франста» өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Тур де Франс» веложарысы 1-23 шілде аралығында өтеді. Турнир 1 шілдеде Бильбаода басталып, 23 шілдеде Париждегі Елисей алаңында аяқталады.

Astana Qazaqstan Team командасының мүшелері: Алексей Луценко (Қазақстан), Евгений Федоров (Қазақстан), Марк Кавендиш (Ұлыбритания), Кейс Бол (Нидерланд), Давид Де Ла Крус (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Джанни Москон (Италия), Харольд Техада (Колумбия).

Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Дмитрий Фофонов (Қазақстан), Стефано Занини (Италия).