$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Өзгермесең ажырас". Әнші Жазира Байырбекова күйзеліске түскенін айтты

AstanaTV
29.06.2023ж. 11:47
2188
"Өзгермесең ажырас". Әнші Жазира Байырбекова күйзеліске түскенін айтты

Танымал жұлдызды жұп Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров шаңырақ көтерген жылдары қатты қиындыққа түскендерін жеткізді. Бұл туралы өнер иелері "Төртеу түгел" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші Жазира Байырбекова келін болып түскенде қатты қиналғанын, тіпті өзін жегідей жеп біткенін жеткізді.

"Бізде де бір дағдарыс болды. Ондай жағдай әр отбасында болады. Жанболат маған бір нәрсе айтып еді, мен қылт етіп күйзеліске түсіп кеттім. Ешқандай айқай-шу, ұрыс-керіс болған жоқ. Сонда менің жан дүнием: "Жазира, өзгер. Өзгермесең ажырас" деп сөйледі. Ал санам "Бәрі дұрыс қой. Не болды сонша?" деп ішкі дауысыммен арпалысқа түсті. Менің алдымда екі таңдау тұрды: не ажырасамын, не өзгеремін. Жанболатқа келіп: "Мен өзгеремін. Мұнда сенің ешқандай кінәң жоқ. Мен сенің алдыңда не айтсаң соны істеп, сенің рұқсатыңсыз ешқайда шықпай, өзімді тек жұмысқа арналған әйел сияқты ұстаппын" дедім. Біз жұмыстан қолымыз босай сала, отбасымызға, туған-туыстарымызға қарайласамыз. Мен қыдырмаймын. Әлеуметтік желіде әдемі болып көрінгеніммен, жұмыста жүремін", - дейді Жазира Байырбекова.

Сондай-ақ, ол күйеуі екеуінің көзқарастарының да бір-біріне ұқсамайтынын айтты.

"Жанболат таза ауамен демалып, тауға барғанды ұнатпайды. Ал мен солай демалғанды жақсы көремін. Жанболат жер үйде, егін егіп, тал егіп, иттерге қарап жүргенді жаны сүйеді. Мен үшін қораның ішінде жүре берген демалыс емес. Сол сияқты кейде екеуіміздің қызығышулықтарымыз екі түрлі боп кетеді", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Жазира Байырбекова кенже қызын өмірге қалай әкелгені туралы айтқан болатын. Өнер иелерінің көп емделгені туралы осы жерден оқи аласыз.