Шығыс Қазақстан облысындағы газ станциясында болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю станциясында болған жарылыстан төрт адамды күйік шалған еді.
Бірінші екі ер адам, содан кейін тағы бір азамат пен әйел ауруханаға жатқызылды. 26 маусымда денесін 100 пайыз дерлік күйік шалған екі адамның көз жұмғаны хабарланды.
Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаевтың айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды.
"Қазіргі уақытта оқыс оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Жарылыс болуына - қауіпсіздік техникасының бұзылуы себеп болуы мүмкін. Әзірге бұл негізгі нұсқа ретінде қарастырылуда. Алайда нақты шешім тек тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін шығады", – дейді ол.