Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Атырауда психоневрологиялық орталықта жүйкесі тозған қылмыскерлер де ем алып жатыр

AstanaTV
30.06.2023ж. 08:34
610
Атырауда психоневрологиялық орталықта жүйкесі тозған қылмыскерлер де ем алып жатыр

Қазіргі уақытта жүйкесі тозып, психоневрологиялық ауруға шалдыққандар Атырауда еңбек терапиясы арқылы емделіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысындағы психоневрологиялық ауытқуы бар ересектерге қызмет көрсететін №1 орталықта қоян және құс өсіруге арналған орынжай бар. Орталықта 310 науқас ем алып жүр. Араларында жүйке ауруына шалдыққан 5 қылмыскер де бар.

"Оларды үй жағдайына бейімдеп, 8 бағытта әлеуметтік қызмет көрсетеміз. Соның бірі - еңбек терапиясы. Яғни, ортаға бейімделуі үшін еңбек терапиясының маңызы зор" дейді емдеу орталығының басшысы Гүлнәр Зинеденова.

Айтуынша, белгіленген орынжайлардың шаруашылығын науқастармен бірге жүргізу үшін арнайы еңбек нұсқаушылары тағайындалған. Осыған дейін олардың көмегімен орталықтың бау-бақшасы жеміс беріп, аула іші жасыл желекке оранған. Енді алдағы уақытта жылыжай салу жоспарға алынып отыр.

Айта кету керек, психоневрологиялық орталықта ем алып жатқан науқастардың ең жасы 23-те. Ересегі 85 жаста.