Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Франциядан соң Бельгияда да тәртіпсіздіктер басталды

AstanaTV
30.06.2023ж. 11:29
602
Франциядан соң Бельгияда да тәртіпсіздіктер басталды

Брюссель көшелерінде тәртіпсіздіктер басталды. Шеруге шыққандар бірнеше көлікті өртеп жіберді. Полицейлер кем дегенде он адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Известия» басылымының хабарлауынша, полиция өкілі Ильсе Ван Де Кейр күндіз әлеуметтік желілерде «Франциядағыдай» көшеге шығуға шақыру болғанын айтты.

Наразылық шаралары Украинадағы жағдай мен көші-қон проблемаларына арналған Еуропалық Одақ мемлекеттері мен үкімет басшыларының екі күндік саммиті кезінде өтіп жатқаны атап өтілді.

Францияда таңертең жолда тексеру кезінде полиция 17 жастағы жасөспірімді атып өлтірді. Полицияның айтуынша, жасөспірім оларды тыңдамаған. Осыдан соң 27 маусымнан бастап елде тәртіпсіздіктер болып жатыр. Тәртіпсіздіктерге байланысты билік 40 мың полиция қызметкерін жұмылдырды. Ішкі істер министрлігі 150 адамның ұсталғаны туралы хабарлады.