Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мексиканың солтүстігінде сынап бағанасы +40 градустан төмен түспей тұр

AstanaTV
30.06.2023ж. 16:29
744
Мексиканың солтүстігінде сынап бағанасы +40 градустан төмен түспей тұр

Мексиканың солтүстігінде аптап ыстық ұзаққа созылды. Бірнеше күннен бері сынап бағанасы +40 градустан төмен түспей тұр.

Тіптен елдің кей бөліктерінде ауа температурасы +45 градусқа жеткен. Тұрғындар үшін күннің осыншама шыжуы оңайға соқпай тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ашық ауада еңбек ететін жұмысшылар күн өтпеу үшін жиі-жиі үзіліс жасауға мәжбүр.

Аптап ыстықта денсаулығы сыр берген адамдарға шұғыл көмек беру үшін дәрігерлер тобы құрылды. Осы мақсатта АҚШ-пен шекаралас шөлді аймақта 16 көмек беру станциясы ашылған.