$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алдағы демалыс күндері +40 градус ыстық болады

AstanaTV
30.06.2023ж. 18:28
819
Алдағы демалыс күндері +40 градус ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жауады деп болжанады.

Тек 1-2 шілдеде солтүстік және орталықта, 2-3 шілдеде шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

3 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауады.

Ауа температурасының күндіз батыста +27+35 дейін, солтүстік-батыста +22+32 дейін, солтүстікте, еліміздің орталығында +30+35 дейін, шығыста +25+33 дейін, оңтүстік-шығыста +32+37 дейін жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон + 32+40 болжанады.