$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазақ күйін жаңа бағытта насихаттағым келді», - А.Болшова

30.06.2023ж. 20:00
1178
«Қазақ күйін жаңа бағытта насихаттағым келді», - А.Болшова

Шілде айының бірінші жексенбісі - ұлттық домбыра күні. Осыған орай ертең елімізде түрлі шаралар өтеді. Мән-маңызы терең мереке қарсаңында тілшіміз Дәрібек Бахытбек ұлттық аспабтын тарихына үңіліп, домбырашылармен тілдесті.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Бәріміз көзбен тек дайын домбыра көреміз. Алайда ол қалай істеледі? Қандай ағаш керек? Бүгін сол жұмыстармен танысу үшін арнайы шеберханаға келдім. Бірге көрейік.

Айбат Кәрібай бала кезінен домбыра жасаумен айналысады. Бұл кәсіп әкеден балаға дарығанына 24 жыл бопты. Осы аралықта арнайы тапсырыспен 1000 мыңнан аса домбыра құрастырған. Бағасы- әр түрлі. Миллион теңге тұратындары да бар.

Айбат КӘРІБАЙ, ШЕБЕР:

Қайыңнан, жаңғақтан, арша болмаса өрік ағашы, жеміс ағаштарынан да жақсы келеді, қатты тығыз болады да. Жанағы миллион теңгелік домбыралар дыбыста бар оның ішінде, жоғары деңгейдегі оның көркемдік сұранысы мен материалдық сапасына деген талап. Өзіміздің отандық ағаштармен жасалған.

Ал бұл - Ақтоты Болшова. Оны танымайтын адам кемде-кем. Домбыраның қоңыр үнін әлемдік деңгейге жеткізіп жүрген өнер иесі.

Ақтоты БОЛШОВА, КҮЙШІ:

Алғашқыда классикалық домбырамен ойнап жүрдім. Жалпы электро домбыраны негізі мен өмірде осы творчествалық кезде жаңашылдықты қатты жақсы көремін, жаңа бағытты ойлап тапқанды жақсы көрем және де осы электро домбыраны қазіргі ұлттық нақыштағы біздің дәстүр бойынша келе жатқан күйлерді осы электро домбыраға салу деген бір идея келді сол себептен осы домбыраны жасатқан болатынмын.

Дәстүрлі әнші Жаһангер Алданның айтуынша, домбыраның шамамен 6 мың жылдық тарихы бар. Қасиетті қара домбыра - Жаһангердің жансерігі.

Жаһангер АЛДАН, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:

Бір нақты домбыра осы уақытта шықты деген нақты бір мәлімет жоқ. Бұл бірінші жыр, терме айтылу мақсатында шығарылған ең бірінші. Одан кейін ары қарай концерттік бағдарламаларға қосып күй шығарды. 19 ғасырда қателеспесем Асқар Тоқмағанбетов домбыраның пернесін ұзартып яғни, 19 перне қылып, 2 ішек қылып өзгертулер енгізді.

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде қазақтың жаны мен рухы болған домбыра қазақ даласын сазға бөлейді.