Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты

AstanaTV
01.07.2023ж. 12:43
670
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: бір адам қаза тапты

Жетісу облысы Жаркентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды  polisia.kz. 

Соқтығыс салдарынан екі көлік те жанып кеткен. Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қаза тапты. 

Түнде Головацкий көшесімен келе жатқан жапон шетелдік көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Соққы жанармай багына келген. Жол апаты дерегі бойынша қажет сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген тергеу амалдары басталды.

"Құрметті автокөлік жүргізушілері, сіздерден жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауды тағы да талап етеміз. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін", - деді полиция қызметкерлері.