Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте екі жүргізуші ақшаға бәс тігіп, жолда тәртіпсіздік жасаған

AstanaTV
01.07.2023ж. 14:10
761
Шымкентте екі жүргізуші ақшаға бәс тігіп, жолда тәртіпсіздік жасаған

Шымкентте екі жүргізуші айналма жолды қайсы жылдам жүріп өтетінін айтып, ақшаға бәс тігіп, жолда тәртіпсіздік жасады. Жолаушылардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Instagram-дағы newscorr паблигінде жарияланған кадрларда жігіттердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны - олардың қарсы жолаққа шығып, жылдамдықты шектен асырып, басқа көліктердің жолын кесіп, жолақтарды ауыстырып жүргені көрінеді. Видеода дөрекі, былапыт сөздер айтылады.

"Қызметкерлерден видеодағы жеке тұлғаларды барлық заңбұзушылықтары үшін айыппұл салып, жүргізуші куәлігінен айыру арқылы адамдардың өмірін сақтауды сұраймыз. Олардың туыстарының мемлекеттік қызметте жұмыс істеу ықтималдығы жоғары. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен ресми жауап күтеміз, - делінген видео астында.