Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде қоқыс полигоны тағы өртенді

AstanaTV
01.07.2023ж. 16:14
777
Ақтөбеде қоқыс полигоны тағы өртенді

Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигонынан тағы өрт шықты. Шаһар әкімі Азамат Бекет оқиға орнына барып, жағдайды бағамдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 маусым күні сағат 21:00 шамасында қоқыс полигонынан өрт шықты. Оқиға орнына шаһар әкімі Азамат Бекет «Дыши, Ақтөбе» қоғамдық ұйымының жетекшісі Евгений Лазарчукпен бірге барды.

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өрт сөндіру қызметінің, «Табыс Ақтөбе» ЖШС және басқа да мердігерлердің арнайы техникалары тартылды. Қала әкімі түнгі ауысымда жұмыс барысын тоқтатпай, қосымша күш тарту арқылы жаппай топырақ төгіп, өрт ошақтарын сөндіру туралы тапсырма берді.

«Биыл өрт оқиғасы бірнеше рет қайталанып отыр. Мұны тұрғындар жақсы біледі. Бұл полигон 2007 жылы ашылып, бүгінге дейін қоқыс қабылдады. Өзінің қабылдау мүмкіндігін аяқтады десе де болады. Өртті сөндіру үшін жаппай топырақ төгіліп жатыр», - деді қала әкімі Азамат Бекет.