Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Абай облысындағы өрт: Бас прокуратура күдіктілерді атады

AstanaTV
02.07.2023ж. 10:27
764
Абай облысындағы өрт: Бас прокуратура күдіктілерді атады

Абай облысындағы орман өрті бойынша күдіктілер аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастыруда.

Тергеу барысында «Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.

2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу). 

Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар.  

Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады.