Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

AstanaTV
03.07.2023ж. 10:17
447
Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Айта кетейік, Дәурен Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);

Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);

ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);

ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019).

2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасар болған.