Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қытайда жауыннан кейін тасқын басталды

AstanaTV
03.07.2023ж. 21:17
886
Қытайда жауыннан кейін тасқын басталды

Қытайдың шығысы мен оңтүстік-батысында төпелеп жауған жаңбырдан лай көшіп, су тасып жатыр,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Аньхой және Чунцинь провинцияларында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Дегенмен, қаза тапқан немесе зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.

Кейбір елді мекендерде көлік қатынасы тежеліп, электр жүйесі істен шыққан.

«Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, қазір топан су жайлаған аудандарда құтқару және жәрдемдесу операциялары жалғасып жатыр.