Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қостанайда егіс алқаптарын шегіртке қаптады

03.07.2023ж. 20:00
625
Қостанайда егіс алқаптарын шегіртке қаптады

Қостанай облысындағы егістік алқаптарын шегіртке қаптады. Зиянкес жәндік Жангелді мен Амангелді ауданындағы 260 мың гектарға жуық жерді жайпап үлгерген. Наурызым ауданына да қауіп төндіріп тұр. Өңірге Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы барды. Жергілікті шаруалар жағдайдың әлі де ушығып тұрғанын айтады. 

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ:

Шегірткеге қарсы шаралар күнде атқарылады. Алайда жаңбыр, қатты жел мен жоғары температура химиялық өңдеу шараларын тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Ондай шаралар таңғы және кешкі уақытта атқарылады. Ол кезде ауа температурасы +25 градустан төмен болуы керек