$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Қызылжарда жылу таратушы компания тарифті негізсіз көтерген

AstanaTV
03.07.2023ж. 20:00
1120
Қызылжарда жылу таратушы компания тарифті негізсіз көтерген

Қызылжарда жылу таратушы компания тарифті негізсіз көтерген. Соның кесірінен бизнес өкілдері коммуналдық төлемді 1,5-2 есе артық өтеуге мәжбүр болды. Кәсіпкерлер дабыл қағып, табиғи монополияны реттеу агенттігіне жүгінген. Ізінше құзырлы орган тексерісті қолға алып, коммуналдық кәсіпорынның жұмысында бірқатар олқылықты анықтады. Нәтижесінде сот «Севэнергосбыт» компаниясына 1200-ден астам кәсіпкерге 96,2 млн теңге қайтаруды міндеттеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.