$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Министр Маралды тұрғындарының мәселесін шешті

03.07.2023ж. 20:00
830
Министр Маралды тұрғындарының мәселесін шешті

Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылында алтын шығаратын фабрика салынбайтын болды. Тұрғындар көтеріп жүрген мәселеге министрлік осылай нүкте қойды. Өндіріс орны жергілікті халықтың денсаулығына залалын тигізіп қана қоймай, Қызыл кітапқа енгізілген бірегей табиғи қорықты, өсімдіктерді, жануарлар мен құстарды жойып жібереді деп алаңдайды. Бұған дейін қаншама инстанцияға хат жазып, жауапты басшылармен кездессе де мәселеміз әлі шешілмеген дейді ауылдықтар. Маралдыдан тұрғындар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен кездесу үшін Астанаға арнайы келді. Министр мәселенің шешілетіндігін айтты.

Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Тәжірибелік қазба жұмысы тоқтатылды. Сол тәжірибелік қазба жұмысында қазған жерлердің баршасын культивация жасауды сол жақтағы кәсіпкердің мойнына қоямыз деп айттық. Келесі жылдың ортасына дейін ол компания қазір сол жақтағы қазба жұмысымен айналысуға хақысы жоқ, бірақ зертеу жұмысымен айналысуға хақы бар. Яғни, сондай қолында тиісті лицензиясы бар. Енді зерттеу жұмыстары біткеннен соң, қазба жұмыстарына лицензия алу үшін міндетті түрде қоғамдық келісім өткізіледі. Жергілікті халықтың келісімі болмаса, онда лицензия беруде бас тартылады.