$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақша бопсалау күдігі бойынша "ҚазАвтоЖолдың" бірнеше қызметкері ұсталды – ҚР ҰҚК

AstanaTV
03.07.2023ж. 19:23
963
Ақша бопсалау күдігі бойынша "ҚазАвтоЖолдың" бірнеше қызметкері ұсталды – ҚР ҰҚК
Сурет: ҚР ҰҚК

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Павлодар қаласы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың Павлодар қаласы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

"Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді",-деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.