$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Елдің батысында энергия беруде шектеулер болуы мүмкін",- Қ.Молдабаев

04.07.2023ж. 20:00
1085
"Елдің батысында энергия беруде шектеулер болуы мүмкін",- Қ.Молдабаев

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы апатқа байланысты комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Сондай ол жағдайды реттеуге қатысты тапсырма берді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Маңғыстау облысының әкімдігі энергетикалық комбинаттың қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Энергетика министрлігі «KEGOC» компаниясымен бірлесіп, Батыс энергетикалық торабының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі керек.

Елдің батысында энергия беруде шектеулер болуы мүмкін. Бұл туралы "KEGOC" Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев айтты. Ол электр тұтыну көлемі артқан жағдайда Орал - Атырау - Маңғыстау бағытында қуат транзитінің артық жүктемесін болдырмау үшін қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.

Қаныш МОЛДАБАЕВ, «KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Маңғыстау энергия торабында өндіріс нысандарында 65 мегаватт көлемде шектеу сақталып отыр. Бұл шектеулер Маңғыстау атом энергетика комбинатындағы қуаты 140 мегаватт болатын №1 блоктың өшірілуінен туындаған электр тапшылығымен байланысты.