$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Атырау мұнай өңдеу зауытын қауіпсіз іске қосу – басты мақсат", - М.Мырзағалиев

04.07.2023ж. 20:00
937
"Атырау мұнай өңдеу зауытын қауіпсіз іске қосу – басты мақсат", - М.Мырзағалиев

«Маңғыстау Атом Электр Комбинаты» тарапынан электр қуатын таратудағы ақауды қалпына келтіру жұмыстары қазір жүріп жатыр. «ҚазМұнайГаз»-дың Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырауға барып, мұнай өңдеу зауытын қайта іске қосу барысымен танысты. Болған жағдайға қарамастан зауыт жинақталған қор есебінен мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастырып жатыр.

Кеше Атырау мұнай өңдеу зауыты факелінен екі сағатқа жуық газ сыртқа шықты. Бұл - шамамен 8 мың текше метр технологиялық газ. Қуаты 110 пайызға жұмыс істеп тұрған зауыт бір мезетте тоқтаған кезде апаттан сақтаудың жалғыз жолы - осы болды, - дейді зауыт директоры. Апаттан 2 сағаттан соң электр энергиясы қайта беріліп, технологиялық қондырғыларды іске қосу-баптау жүргізіле бастады. Шымкент және Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының күрделі жөндеуге жабылғанын ескерсек, тезірек іске қосу -маңызды. Дегенмен жұмыс толық қалпына көшу үшін әлі екі күн керек. Зауыт директорының айтуынша, қазір қорда 26 мың тонна автобензин, 34 мың тонна дизель отыны , 1 мың жарым тонна сұйытылған мұнай газы, 6 мың тонна авиокеросин бар. Бұл бір аптаға толықтай жетеді.

Мұрат ДОСМҰРАТОВ, «АМӨЗ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бұл - алғашқы жағдай емес, 2021 69 млрд, былтыр 2 млрд теңге залал келді. Биыл одан аз болады деп ойламаймын. Міне 3 тәулік мұнай өңдеген жоқпыз. Бұл – 45 мың тонна. Екіншіден, катализаторға, жабдықтарға шығын келді. Қазір шығынды толық айта алмаймыз. Аймақта электр энергиясы жеткілікті. Тек қамтамасыз ету, және жеткізу жүйесі сенімсіз. Зауыт жұмысы сол себептен тоқтады. Қазір зауыттың технологиялық қондырғылары біртіндеп көшіп жатыр.

«ҚазМұнайГаз» Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев зауыттағы жағдаймен танысқан соң электр қуаты үзілуі салдарынан жартылай және толықтай тоқтаған еншілес кәсіпорын басшыларымен бейнеконференция арқылы селекторлық кеңес өткізді. Апат салдарынан Атырауда 33 кен орнында жұмыс тоқтаған. «Өзенмұнайгазға» қарасты кен орындарында жыл басынан бері электр қуаты 11 рет ажырап, 13 мың ұңғымада жұмыс тоқтап, 5 млрд теңге кірісінен айырылған. Өзге де кәсіпорындарда да шығын шаш етектен. Жалпы биыл ҚазМұнайГазға қарасты кен орындарында электр қуаты 153 рет үзіліп,салдарынан 75 мың тонна мұнай өндірілмеген.

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

«Өзенұнайгазда» Маңғыстау облысында соңғы 2 жарым жылдың ішінде 60 млрд теңге қаражат жоғалтттық. Мәселені шешу үшін Өзенде үлкен электр станциясын саламыз ба деген жоспарымыз бар. Біз 2-3 апта бұрын итальяндық «Eni» компаниясымен сондай келісімге қол жеткіздік. Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты айтатын болсақ. Біздің жоспарымыз бар, қазір тиісті зерттеулер бастадық.

Мағзұм Мырзағалиев басты мақсат – зауытты және өзге кен орындарын қауіпсіз іске қосу,- дейді