Атырауда Жайық үстінде екі қайық соқтығысып, 9 адам ауруханаға түсті. Су көлігінің бірінде 10, ал екіншісінде 25 адам болған. Зардап шеккендердің арасында 4 бала бар, олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 6 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған жайт бойынша тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Екі қайықта адамдарды серуендетуге бағытталған қайықтар. Қазіргі таңда олардың барлық құжаттық тиістілігі тексерілуде. Сондай-ақ аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 344 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалуда.