$486.65 €524.46 ₽5.05
×

"Тұмар" ұлттық телевизиялық байқауының қорытындысы жарияланды

04.07.2023ж. 20:00
1423
"Тұмар" ұлттық телевизиялық байқауының қорытындысы жарияланды

Астанада "Тұмар" ұлттық телевизиялық байқауының қорытындысы жарияланды. Бұл - медиа саладағы басты марапаттардың бірі. Биыл 7 рет өтті. Дүбірлі додаға қатысу үшін 2000-ға жуық өтініш түскен. Оның 250-ден астамы ақтық сынға жолдама алды. Байқауда 12 номинация бойынша анықталған жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқау жылдағыдан өзгеше.

Бибігүл ҚҰЛАМАН, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

Біздің биылғы "Тұмардың" ерекшелігі- екі жаңа номинацияның енгізілуі. Яғни, біз анимациялық фильмді ұлттық телевизиялық медиа алаңында анимациялық фильмдердің деңгейінің өскенін көрсетеді. Яғни біз мұны бөлек номинация деп қарайтын боламыз, биылдан бастап.