Астана қаласының 25 жылдығына орай коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Онда мәдени құндылығы аса жоғары, бірнеше ғасырлық тарихы бар 1000-нан астам жәдігер қойылған. Орталық Азия және қазақ халқының сирек кездесетін антиквар бұйымдарды коллекционер 20 жылдан астам уақыт бойы жинап, халыққа таныстырып келеді. Көрменің өтуіне «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы, Астана қаласының әкімдігі, және «AMANAT» партиясы мұрындық болды.
Бахаргүл ТӨЛЕГЕН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Мақсатымыз осы жоғалып және азайып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды ескі бай мұрамызды жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау және ата-баба көзін көздің қарашығындай қорғау және өскелен ұрпаққа аманат етіп жеткізу менің басты мақсатым.
Майра ІЛИЯСОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:
Рухани жан дүниелері толып мынандай болған екен ғой, біздің ата-бабаларымыз осындай киім киген екен ғой, нандай тақия бастарына киген, мынау сақина деген соның өзі көздерің алмай қарап тұрады. Біздің өзіміз қанша алып бар бізде біраз нәрсе сахнаға киіп шығамыз. Соның өзіңде осындай көрмеге келгенде Бахаргүлдің мен көп затынан көзімді ала алмай қаламын.