$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жансейіт Түймебаевтың баласын өлтірген әскери қызметкерге сот үкімі шықты

AstanaTV
05.07.2023ж. 09:34
853
Жансейіт Түймебаевтың баласын өлтірген әскери қызметкерге сот үкімі шықты

Алматы гарнизонының әскери соты ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың баласын өлтірді деген күдікке ілінген әскери қызметкерге қатысты сот үкімін шығарды.

Жансейіт Түймебаевтың ұлы былтырғы қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болды. Ол 6 қаңтар күнікоменданттық сағат басталмай тұрып, үйіне қайтып келе жатқанда оққа ұшқан. Бағдаршамға тоқтағандаоған кенеттен оқ жаудырған.

«Сотталушы М. Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылған 18404 әскери бөлімінің құрамында болған. Ол билік өкілі бола тұра, өзінің өкілеттігін асыра пайдаланып, бағдаршамның алдындағы қиылыста тұрған «Lexus 570» маркалы көліктегі бейбіт азаматқа бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан көліктің жүргізушісі қайтыс болды. «Республика» алаңының маңында қару қолдануға негіз болмаған», деп хабарлады әскери сот.

Прокурор әскериді 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамады.

«Сот сотталушының жас балаларының барын ескеріп, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Алайда ант берген адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтан жазасы ауырлайды. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі сараланып, айыпты 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», деп хабарлады әскери сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.