$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Президент Ресейдегі Елші Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма жүктеді

AstanaTV
05.07.2023ж. 14:44
1017
Президент Ресейдегі Елші Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.