Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астана күніне орай "Нұра" ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

05.07.2023ж. 20:00
1152
Астана күніне орай "Нұра" ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Астана күніне орай "Нұра" ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Спорт орталығын балалар мен тұрғындар 3 жылдан астам уақыт күткен. Онда 7 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер спорттың 13 түрімен шұғылданады.

Жаңа кешен елорданың бесінші ауданы “Нұра” ауданында бой көтерді. Онда балалар батуттық және көркем гимнастикамен, қазақша күрес, каратэ, дзюдо, кикбоксинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және велоспорт секілді спорт түрлерімен шұғылданады. Жаңа ғимарат 260 оқушыға лайықталған.

Әлия ӘБСЕМЕТОВА, “НҰРА” АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақпан айында күрделі жұмыстар басталды. 2600 шаршы метр құрайды осы кешен. 13 секциялар ашылатын болады. Осы 13 секцияға балалар барлығы алынып конкурс бойынша барлығы тегін мемлекеттің қаражатына келетін болады. + Керек енді көп балалы отбасылардың балалары, жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағдайларына қарай.

Спорт кешенінің ашылғанына тұрғындар қуанышты. Сағынғаным Жүнісова- көпбалалы ана. Ол енді балаларым қалаға қатынап әуре болмайды. Осы орталыққа келіп спортпен шұғылданады деп отыр.

Сағынғаным ЖҮНІСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өте қуаныштымыз осындай Астана қаласында Үркерде осындай спорттық кешен ашылып жатқанына. Өзім алты балам бар. Бүкіл балаларымызды осы арман болғанда қалаға барып жүр. Үлкені велоспортқа барады, қызым гимнастикаға барады. Осы Үркерде бір ашылса екен арман болған сол ашылып өте қуанышты болып отырық.

Айта кетейік, ғимараттың жалпы ауданы - 2600 шаршы метр. Құжаттар 10-ны мен 31-шілде аралығында қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі "Нұра" ауданы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланады.