Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістан облысында 56 жастағы ер адам таудан құлап кетті

AstanaTV
06.07.2023ж. 13:19
605
Түркістан облысында 56 жастағы ер адам таудан құлап кетті

Түркістан облысында 56 жастағы азамат таудан құлап, қайтыс болды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға Төле би ауданында болды. Ер адам әйелі мен досын ертіп Сайрам шыңын бағындыруға тауға шыққан. Ал қайтар жолдағы қауіпті аумақта 1967 жылы туған ер адам төмен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда Қасқасу кемпингінде полиция департаменті, ауыл шаруашылығы саласы, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінен штаб құрылды", - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.