Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шарын шатқалында жаңбыр салдарынан жолды лай басқан су шайып кеткен

AstanaTV
06.07.2023ж. 14:51
856
Шарын шатқалында жаңбыр салдарынан жолды лай басқан су шайып кеткен

Шарын шатқалында жаңбыр салдарынан жолды лай басқан су шайып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы видео kris.p.original және kris_p_almata парақшаларында пайда болды. Видеода оқиға 5 шілдеде болғаны жазылған. Роликтен бірнеше көлік жолда тұрғанын, себебі жолды лай басқан су шайғанын көруге болады. 

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Ұйғыр ауданында жаңбыр көп мөлшерде жаууы салдарынан жол жабылып қалған. Бүгінде жол ашылған. 

"Көліктер штаттық режимде жүріп жатыр. Жағдай толығымен тұрақты", - дейді әкімдік өкілдері.