$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар тоқтайды

AstanaTV
06.07.2023ж. 19:38
Өскеменде бүгіннен бастап трамвайлар тоқтайды

Өскемен қаласында бүгіннен бастап бір аптаға жуық уақыт бойы трамвай жүрмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмыстарына байланысты 6 шілдеден бастап трамвай қозғалысы тоқтатылды.

«Қазақстан» көшесіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Сондықтан, трамвайлардың орнына қосымша автобустар шығарылады. «Өскемен бекеті-Защита» бағытында №15 автобус жүреді. Оның қозғалысын Oskemenbus мобильді қосымшасынан бақылап отыруға болады», - делінген ақпаратта.

Трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары шамамен бір аптаға созылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, тасымалдаушылар «Қазақстан» көшесінің бойымен жүретін №26, Абай даңғылында жүретін №67 және №6 автобустарының санын арттырмақ.