Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда 12 жастағы бала суға түсуге болмайтын жерде шомылып, батып кеткен

AstanaTV
08.07.2023ж. 07:37
682
Атырауда 12 жастағы бала суға түсуге болмайтын жерде шомылып, батып кеткен

Атырауда 12 жастағы бала Жайық өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Оқиға бүгін, 7 шілдеде сағат 13:16-да болған. 12 жастағы бала Жайық өзеніне батып кеткен.

"Ол суға түсуге болмайтын жерде шомылған. Іздеу жұмыстарына үш адам мен екі техника жұмылдырылды. Сағат 14:54-те ТЖД құтқарушыларымен баланың денесі судан шығарылды", -  делінген департаменттің бапасөз хабарламасында.

Еске салайық, 3 шілдеде Ақмола облысында 3 жасар бала шұңқырдағы суға батып кеткен болатын. Төңкеріс станциясында үш жасар бала салынып жатқан балабақшаның септигіне батып кетті. 

Сонымен қатар, Қызылорда облысында 20 жастағы жігіт өзен суына батып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 29 маусымда кешке Қармақшы ауданындағы 102-разьезд тұсында болған. Жігітті құтқару мүмкін болмаған.

Марқұм - осы ауданның тұрғыны. Облыс орталығындағы университеттің екінші курсында оқып жүрген. Қазір сүңгуірлер оның денесін іздестіріп жатыр.