Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысындағы Саты ауылында сел жүрді

AstanaTV
08.07.2023ж. 15:22
992
Алматы облысындағы Саты ауылында сел жүрді

Алматы облысындағы Кеген ауданына қарасты Саты ауылдық округінде бұршақ аралас жаңбыр селге ұласты, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

Нөсер жауын, кеше 19:00-де басталып, жарты сағатқа созылған. Құтқару бөлімінің мамандары, тұрғындардың көмегімен су сору жұмыстарын жүргізді.

"Қазір селден кейінгі тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Республикалық маңызы бар тас жолда қозғалыс толығымен ашылды. Жергілікті атқарушы билік келтірілген залал көлемін анықтауға кірісті. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үйлер зардап шекпеген, су аулаларға ғана кірген. Комиссия жұмысын аяқтаған соң жан-жақты ақпарат береміз. Кеше жауынның, мол түсуінен, Жалаңаш Саты-Көлсай автожолының біраз бөлігін су шайған. "Қазавтожол" қызметкерлері бүгін таңғы сағат 05:00 кезінде тас жолда көлік қозғалысын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді", - деді Кеген ауданы әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов.