Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Лас-Вегаста болашақты танытатын ғимарат бой көтерді

AstanaTV
08.07.2023ж. 19:13
636
Лас-Вегаста болашақты танытатын ғимарат бой көтерді

Лас-Вегаста (Невада) алғаш рет анимацияларды көрсетуге арналған әлемдегі ең үлкен жарықдиодты экраны бар сфера тәрізді "болашақтың ғимараты" бой көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лас-Вегастағы MSG Sphere жаңа концерттік алаңында төбе көрсеткен үлкен сфералық экран сынақтан өткізілді.

Экранның биіктігі - 111,5 метр, ені - 158 метр және әлемдегі ең үлкен сфералық құрылымды танытады. Ондағы дисплей 1,2 миллион жарықдиодты шамдардан тұрады, олардың әрқайсысы хоккей шайбасының көлеміндей.

MSG Sphere концерт алаңының сынағы 4 шілдеде атап өтілетін АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай жүзеге асырылды. Алаңның толыққанды ашылуы 2023 жылдың 29 қыркүйегіне жоспарланған. Жаңа сахнада бірінші болып U2 тобы өнер көрсетеді.