Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бурабайда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

AstanaTV
09.07.2023ж. 08:01
958
Бурабайда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

Бурабай курортында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды, оның ішінде бір бала бар, деп хабарлады BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апатынан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада жатыр.

Апат курорт маңында Астана - Петропавл тасжолында болған.

Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісі Бурабай кентіне бұрылған кезде рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан 30 жастағы көлік жүргізушісі мен жұбайы, 41 жастағы жолаушы және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Қайтыс болған жүргізушінің көлікте бір жасар қызы болған. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.