Үндістан астанасы Делиде 20 жылда болмаған жауын жауып жатыр. Қаланың басым бөлігі су астында қалды.
Ел билігі қауіптің «сары деңгейін» жариялады. Табиғат апаты салдарынан кемінде 2 тұрғын опат болды. 15-ке жуық ғимарат құлап, тас жолдардың талқаны шықты. Ағаш-талдар құлап, адамдар қозғала алмай, әуре-сарсаңға түсті. Делидің іскерлік және коммерциялық аудандарының бірі Коннот Плейс қатты зардап шекті.
Нөсер сенбіде басталып, тоғыз сағат ішінде 125 миллиметрден астам жауын-шашын жауды. Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады.