Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаттары Ақкөл ауданында болды

10.07.2023ж. 20:00
941
Мәжіліс депутаттары Ақкөл ауданында болды

Мәжіліс депутаттары, AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Ақмола облысының Ақкөл ауданында болды. Өңір күн сайын көркейіп келеді. Аймақта дәрігерлерге арналған сауықтыру кешені бой көтеруде. Нысан келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Еліміздің түкпір-түкпірінен медицина мамандары осында келіп, ем қабылдайды. Орталық бір уақытта 100 адамға қызмет көрсетуге арналған.

Наталья ДЕМЕНЬТЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сауықтыру кешенінің бір ерекшелігі Профсоюздың көмегімен сауықтыруға арналған, жалпы біздің республикалық медицина қызметкерлері үшін былай қарағанда, барлық жағдай жасалған. Жоспар бойынша, жол картасы бойынша 2024 жылдың аяғына дейін обьект жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірде Азиядағы ең жоғары деңгейдегі демалыс орны салынып жатыр. Ғимарат аумағы-60 гектар, орманды алқапта орналасқан. Құрылысқа қазірдің өзінде 3 миллиард теңге жұмсалған. Алдағы уақытта тағы осындай 3 кешеннің құрылысы басталады.

Айна МЫСЫРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі уақытта бұл кісілер Ақкөлден 80 адамды жұмысқа алып отырмыз дейді. Ол - жастар. Ең дарындыларын ертең оқуға жібереміз дейді. Бұл жақсы ғой. Ертең бұл мекемелер ашылады. Салықтары осы ауданға түседі. Ол да жақсы. Ақкөл ауданының дамуына үлес қосылады.