ТЖМ өткен аптада елімізде 277 төтенше жағдай тіркелгенін мәлімдеді.
Оның 74-і табиғи сипаттағы, 203-і техногендік сипаттағы оқиғалар.
«Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 1995 рет шықты. 159 адам, оның ішінде 55 бала құтқарылды, 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды», - деп жазды ведомстводан.
Министрліктің деректеріне қарағанда, бір апта ішінде елімізде 219 өрт, 1 123 жану, 224 басқа да төтенше оқиғалар орын алған.
112 құтқару қызметіне 146 693 қоңырау түссе, 184 дауылды ескерту жіберілді.