$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен турист әлі табылған жоқ

AstanaTV
10.07.2023ж. 18:54
719
Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен турист әлі табылған жоқ

Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен туристі іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқарушылар таудан құлап кеткен туристің денесін іздеу жұмыстарының видеосын бөлісті.

«Құтқару-іздестіру жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі жасап отыр. Жолдың кейбір бөліктері шамамен 70 градус бұрышты құрайтын биік шатқалдардан тұрады. Бұл қар аралас жауын-шашынмен қабаттасып, құтқарушылардың жоғары қарай көтерілуін қиындатуда» - делінген Түркістан облысы ТЖД таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістан облысында тауған шыққан 56 жастағы азамат абайсызда шың басынан құлап кетіп, қайтыс болғанын жазған болатынбыз.