Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті

AstanaTV
11.07.2023ж. 09:04
835
Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті

Ақтөбе-Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, біреуі жанып кетті. Салдарынан жолаушы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолында болды.

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласынан Алға қаласына қарай бет алған "ВМW" автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетеді.

Салдарынан "DAF XF 95 430" автокөлігіне соққан. Оның рульінде 44 жастағы алматылық болды.

"Салдарынан "BMW" автокөлігі өртеніп кетті. Осы автокөліктің жолаушысы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Ал жүргізуші Ақтөбе қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.