Рейхстагқа
ту тіккен даңқты жауынгер, халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні.
Осыған орай бүгін Астанада батырдың құрметіне ескеткіш орнатылды. Салтанатты ашылған 11 метрлік монумент
Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан.
Ескерткіштің
авторы - белгілі мүсінші Асқар Нартов. Шараға батырдың қызы, немерелері мен
қатар қала тұрғындары қатысып, гүл шоқтарын қойды. Көзкөрген замандастары өр
тұлғаның жан қиярлық ерліктерін тағы бір еске алды. Ал, жауынгердің қызы Әлия
Қошқарбаева әкесінің ерлігі тарихта мәңгі қаларына нық сенімді.
Әлия
Қошқарбаева, Рақымжан Қошқарбаевтың қызы:
Тарихта
қалған қазақ батырларының еңбектері көп. Менің әкемнің батырлығы, қамқорлығы
ерекше. Неге десеңіз, жеңіс жалауын бірінші тіккен қазақ батырының бұл ісі - үлкен ерлік, үлкен азаматтық, деп ойлаймын.
Дауренбек БАҚДАУЛЕТ