Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Атыраулық боксшы «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

11.07.2023ж. 20:00
945
Атыраулық боксшы «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Атыраулық боксшы жуырда өткен «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. 10 елден 200-ден астам споршы қатысқан додада 75 келіде топ жарған Нұрқанат Райыс небәрі -23 жаста. Ол - бокстан ел чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Азия чемионатының күміс жүлдегері. Әлем чемионатында төрттікке енді. Боксшы жаздың ыстық күніне қарамастан күніне 3 сағатын спорт залда өткізеді. Өйткені тынымсыз еңбек қана жеңіске жеткізеді,- дейді ол.

Нұрқанат РАЙЫС, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ, БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ:

Бізге үлкен қолдау көрсетіп отырған Шухрат Домбай деген ағамыз бар.Бокс деген өзі бір бөлек әлем. Өмірден қарағанда өзгеше. Өйткені бұл жерде бір деңгейге жету үшін өзіңнің тәжірибеңді, өзіңнің уақытыңды, бар ынтаңды саласың. Спорт әлеміне келген себебіміз, ол олимпиада алтыны, сол жерде алтын тағып, еліміздің әнұранын шырқап, оң қолымызды төске қойып, сол эмоцияны сезіну.

3-сынып оқып жүргенде-ақ боксқа қызығушылығы ашылып, 7-сыныпта Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалар спорт мектеп интернатына түскен Нұрқанат бүгінде ел құрамасы сапында. Әр спорттық дода үлкен тәжірибе, бір-бір мектеп, сондықтан кей кезде сәттілік жетіспеген сәттің өзінен үлгі алып, шаршы алаңға жаңа күш- қуат, мол сеніммен оралатынын айтады.

Батырхан ХАЛЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Нұрқанат бізге 2019 жылдың басында жаттықтырушысы Нұран Айтуаровпен келді. Оның жастар санатынан ересектеге ауысып жатқан кезі. Ол өзінің дарынды екенін бірден байқатты. Спорт басқармасының, біздің федерацияның, міндеті – дарынды, талантты жастарды танып, жан-жақты қолдау көрсету. Бокс дегеніміз – ұзақ қашықтыққа жүгіру. Яғни бірден жемісін көру мүмін емес. Тер төгіп, еңбек ету керек. Нұрқанаттың алмаздай жарқырай түсетін күні алда деп білеміз. Ол қазір Атыраудағы жас боксшыларға үлгі.

Атыраулықтар сондай-ақ Сабырғали Аманат, Айбек Нысанбаев, Алихан Қанатұлы, Амантай Мирас, Назым Ищанова, Тәжі Бағдаулет сынды боксшылармен мақтанады. Ал Нұрқанат Райыс Ұлттық құрама сапында әлем кубогына дайындықты бастамақ. Жыл соңында ел спартакиадасы күтіп тұр