Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

AstanaTV
11.07.2023ж. 19:20
590
Елімізде арақ-шарап қымбаттайды

Елімізде ішімдік бағасы қымбаттайды. Қаржы министрі бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1980 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі – 2930 теңге.