Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Исландияда атқылап жатқан жанартауға баратын жолдар түгел жабылды

AstanaTV
12.07.2023ж. 09:01
728
Исландияда атқылап жатқан жанартауға баратын жолдар түгел жабылды

Одан әрі қалай өршитіні ауа ағынының бағыты мен күшіне байланысты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Исландияда Рейкьянес түбегінде Фаградальфьял жанартауы атқылап жатыр.

Литли Хрутур тауының жанындағы адам тұрмайтын аймаққа апаратын бүкіл негізгі жолдар жабылған, бұл маңға кісі кіруіне тыйым салынды.

Полицейлер ел тұрғындарын газ бен лава шығып жатқан жарықшаққа жоламауға шақырады.

Исландия президенті Гудни Йоханнессон инфрақұрылымға әзірге қауіп жоқ екенін айтты.

«Жанартау газы қаупін төндіретін үлкен аумақты азаматтық қорғаныс органдары уақытша жауып тастады», - деді ол.

Бұл - соңғы үш жылдағы үшінші атқылау, бірақ бұл жолғы ауқымы әлдеқайда үлкен.

Сейсенбі күні таңертең жарықшақтың ұзындығы қысқарды.

Жағдайдың одан әрі қалай өршитіні ауа ағынының бағыты мен күшіне байланысты болады.