Спорт Қазақстан
$440.9 €475.95 ₽4.82
×

Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел ауруханадан табылды

AstanaTV
12.07.2023ж. 10:20
942
Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел ауруханадан табылды

Ақмола облысының полицейлері бірнеше күн бойы іздеген әйелді Көкшетаудағы ауруханалардың бірінен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 шілдеде Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан 5 шілдеде 44 жастағы қайын енесінің үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны, яғни оның орналасқан жері ешкімге белгісіз екендігі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Тәртіп сақшылары облыстың және қаланың барлық ауданына жоғалған әйелдің суреті бар бағдарларды жолдады. Ақмола полицейлері ол барады деген барлық жерлерді мұқият тексерді және оны іздеуді жалғастырды. Көршілер мен таныстардан жауап алынды.

Нәтижесінде 11 шілдеде ол ауруханаға жатқызылуы керек екені белгілі болды, өйткені оның жүрегі ауыра бастады. Полиция қызметкерлері дереу қала ауруханаларының қабылдау бөлмелеріне хабарласып, әйелдің жоғалған сәттен бастап ауруханада жатқанын білді.

Айта кету керек, әйелдің жоғалғаны туралы арыз түскеннен кейін полиция мәйітхананы тексеріп, қаланың барлық қабылдау бөлмелеріне қоңырау шалған, бірақ жоғалған адамды іздеуге жақындататын ешқандай дерек таппады. Кейінірек белгілі болғандай, әйел шұғыл түрде кардиология бөліміне жатқызылған және ауруханаға түскендердің тізіміне енгізілмеген.